Пәтер аларда неден сақтану керектігін айтты

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы пәтер сатып алушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Пәтер алушылардың назарына құрылыс саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылыс бастамас бұрын жасақтауға тиіс құжаттары:

- Құрылыс саласындағы қазіргі заңдарға сәйкес, құрылыс басталғанға дейін жобалау алдындағы құжаттаманы жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, соның негізінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлеуі тиіс.

- Одан әрі, жобалау-сметалық құжаттаманы кешенді сараптамадан өткізіп, оң қорытынды алу қажет.

- Көрсетілген құжаттар негізінде құрылыс басталғанға дейін МСҚБ басқармасына құрылыстың басталуы туралы хабарлама жолдауы қажет

- Үлескерлердің ақшасын тарту рұқсаты: Атырау қаласы әкімдігінен немесе екінші деңгейлі банктердің шешімі болуы қажет (үлескерлердің ақшасы негізінде салатын құрылыс салушыларға жасақтауы тиіс құжат).

Құрылыс салуға рұқсат құжаттарының бар екендігі туралы ақпарат алу үшін азаматтар қала немесе облыс әкімдіктеріне жазбаша түрде жүгіне алады немесе Баймұханов көшесі, 16 "б", "Назерке" бизнес-орталығы (Ескі АХАЖ маңы) мекен-жайында орналасқан МСҚБ басқармасына тікелей келе алады. Анықтама телефоны: 52-45-41.