31 «наурыз», 2022 2584

«Өзіңіз келіп көріңіз». Атыраулық тұрғын қала әкімін өзі тұратын мөлтекауданға шақырды

 «Өзіңіз келіп көріңіз». Атыраулық тұрғын қала әкімін өзі тұратын мөлтекауданға шақырды

Атырау қаласының тұрғыны тікелей эфирде сұхбат берген қала әкімін Балықшы мөлтекауданына шақырды. «Бұны сауал емес,  шақыру деген дұрыс шығар»  деді жазбаша хатты оқыр алдында телеарна тілшісі.  «Бұрын аудан орталығы болып гүлдеген қазіргі Балықшы мөлтекауданының жағдайын келіп,  өз көзіңізбен көруіңізді сұраймыз»  делінген хатта.  Қала әкімі Мейірім Қалауи бір-ақ сөзбен:  «Қабылданды»  деп жауап берді.  Айта кетейік,  Атырау қаласының жақында тағайындалған әкімі Мейірім Қалауи Caspian news телеарнасына тікелей эфирде сұхбат беріп,  сауалдарға жауап берді.