Өз таңдауын жасап жатыр

Мұнайлы өлкеде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. №87 сайлау учаскесіне дауыс берушілер таңнан бастап келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.

№87 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Тойған Әбуғалиеваның айтуынша, 07:00-де Гимн ойналып, учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады. Байқаушылар мен сенімді өкілдер сайлаудың әділ өтуін қадағалап отыр. 

"Денсаулық жағдайы бойынша 3 тұрғын үйден дауыс беруге өтініш түсірді. Оның бірі арбаға таңылған болса, екіншісі – зағип жан. Осы себепті сайлау учаскесіне хабарласқан болатын. Бұл мекен-жайға комиссия мүшелері сағат 12:00-де барады", - деді комиссия төрағасы.