Өрт сөндірушілер 4 баланы тілсіз жаудан құтқарды

Таңертең «Авангард-4» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатында өрт шықты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін  CALL центр орталығына таңғы сағат  алтыдан жиырма минут кеткенде  Атырау қаласы, «Авангард 4» шағынауданындағы  5 қабатты тұрғын үйде түтін шыққаны  туралы хабар келіп түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде  4-ші қабаттағы пәтердің  жатын бөлмесі өртке оранды. Төтеншеліктер өрт сөндіру кезінде дәліз баспаолдағы арқылы 4 баланы тілсіз жаудан аман алып қалды. Құтқарылғандардың ішінен көмірқышқыл газына уланған 19 жасар жігітке  жедел медициналық  жәрдем  қызметі көмек көрсетті.

Өрт жарты сағат ішінде толығымен сөндірілді.  Тілсіз жауды ауыздықтау үшін  Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»  мемлекеттік мекемесінің № 3 өрт сөндіру бөлімі нің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы және  № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Осы ретте, төтенше жағдай қызметкерлері  өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды ескертеді.