Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды

Осындай тақырыпта Атырауда семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың мәселелері» тақырыбында өткен семинар-кеңесте облыстық Білім беру басқармасының, Назарбев зияткерлік мектебінің, облыстық әдістемелік орталығының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының басшысы және Астана қаласындағы Қ.Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлының баяндамалары тыңдалды.

 Семинар-кеңес барысында білім сапасына талдауды Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қ.Б.Жұмашев жүргізді. Ол білім ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бағытында жұмыс жасау керек екенін жеткізді. Ол үшін білім саласы қызметкерлері заманауи, талаптарға сай салынған мектептерде сапалы тәрбие мен білім беруді қамтамасыз ету керек. Сонда ғана оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыра отырып, білім беруде биік нәтижелерге жетуге болатынын айтты.

- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Орта білім берудің сапасы - маңызды бағыттардың бірі» екендігін айтқан болатын. Осы орайда еліміз бойынша «Жайлы мектеп» деген жаңа жоба іске қосылды. Осы жоба аясында Атырау облысында 12 мектептің құрылысы салынып жатыр. Басты мәселе мектептің сәулетінен бөлек, ішкі мазмұны қалай болуы керек? Ол жердегі білімнің, тәрбиенің сапасына қалай болады? Оған кім жауап береді? Осы орайда барлық мектеп директорларымен кеңесу бағытында семинарды ұйымдастырып отырмыз. Ең бірінші мектеп басшыларының тұлғалық деңгейіне назар аударылып отыр. Мектеп директоры болу оңай емес. Бұл жер зияткерлік орталық. Ұжымды басқару еркеше біліктілікті қажет етеді. Білікті басшы болса, білімді оқушылар көп болады. Бұның барлығы сайып келгенде білімге әсер етеді,- деді Қ.Жұмашев.

 Семинар-кеңес жекелеген аудиторияларда практикалық дәрістермен жалғасты. Модераторлар мектеп басшылары үшін «Мектептерде мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру құралдары», «Пәндік олимпиадаларға дайындаудың тиімді әдістері», «Білім беру сапасын басқаруда корпоративтік ортаны дамытудың заманауи тенденциялары», «Табысты мектеп командасын қалай құрамыз?» тақырыптары бойынша дәрістер берді.

Айта кетейік, мұндай форматтағы семинар-кеңес облыстық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.