Атырау облысының әкімі Жылыой ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың табысын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген. Сол себепті ТШО мен оның мердігер компанияларынан жоспарлы түрде босатылған азаматарды жаңа жұмыспен қамту бағытында жоспарларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы мақсатта жауапты министрлік, ТШО компаниясы мен әкімдік нақты іс-шаралар жоспарына меморандумға қол қойды. Осыған сәйкес, жұмыстан босаған азаматтарды жұмыспен қамту, оларды қайта оқыту курстарынан өткізу және т.б бойынша мәселелерді жүзеге асыру бойынша жоспарлар бар, деді С. Шәпкенов.
Бұдан бөлек Серік Шәпкенов 30-ға жуық тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Жылой ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.