Өнеркәсіп көлемі өсті

Мақат ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 25 пайызға өсті.

Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі былтыр 74 миллиард 162 миллион теңге болса, биыл 93 миллиард 68 миллион теңгеге жетіп, 25 пайызға өсіп отыр. Өндіріс өнімінің көлем индексі 104,6 пайызды құрады.

- Аудан бойынша 429 мың 700 тонна мұнай өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға өсті. Ал іліспе мұнай газ 23 миллион 600 мың текше метр өндірілді. Теміржол саласы бойынша 9 миллиард 688 миллион шақырым брутто жүк тасымалданды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артып отыр,- деді Р.Ибрагимов.

Айта кетейік, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Мақат ауданыда 30 мыңнан астам тұрғын бар.