15 қазан – Дүниежүзілік сүт безі обырымен күрес күніне орай Атырау облыстық онкология диспансерінде «Ашық есік» күні өтеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тегін қабылдауды дәрігер-маммологтар жүргізіп, нұсқауға сәйкес УДЗ немесе маммографиялық тексеруден өткізеді.
- Әйелдердің сүт бездерінің жағдайына назар аударуы, өзін-өзі тексеруі, профилактикалық медициналық тексерулер – сүт безі қатерлі ісігінің алдын-алудың ең дұрыс және сенімді әдісі болып табылады. Сондықтан Денсаулық сақтау басқармасы «Ашық есік» күні қабылдауға келіп, өз саулығыңызды күтуге шақырады, деді облыстық онкология диспансерінің басшысы Эльмира Сапарова.
Оның айтуынша, сүт безі қатерлі ісігін емдеудің оң нәтижесінде оның ерте диагнозы үлкен рөл атқарады. Дер кезінде басталған ауруды емдеу пациенттердің 98,1% - ның сауығуына ықпал етеді.