Биыл зияткерлік меншік саласына облыстық әділет департаментінің мамандары жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 220 мыңға жуық теңгені құрайтын 149 контрафактілік айғақ зат тәркіленіп, кәсіпкерлерге ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облыстық әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Сағындық Әбілхайыров мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Анықталған заң бұзушылық бойынша тауар белгісін заңсыз пайдаланған 3 кәсіпкердің әрқайсысына 77 532 тенге көлемінді айыппұл салынды. Жалпы зияткерлік меншік құқығын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын түсіндіру мақсатында департаментпен семинар, кездесулер өткізіліп тұрады, - деді С.Әбілхайыров.
Бұдан бөлек департамент зияткерлік меншіктің жаңа объектісі «географиялық нұсқама» туралы азаматтар мен кәсіпкерлерге түсіндірме жұмысын жүргізіп жатыр. Географиялық нұсқама объектісі жергілікті брендті қорғау арқылы оларды дамытуға, танымал етуге, дараландыруға мүмкіндік береді.
Сурет AtyrauPress