Бүгін облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ардагер журналист Төлеген Берішбаевты қабылдап, мерейлі жасымен құттықтады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Атырау жұрты халықтың қалаулысы деп танитын өзіңізге деген құрметіміз шексіз. Жарты ғасырға жуықтайтын еңбек жолыңызда адал қызмет етіп, жас ұрпақтың болашағына жол сілтейтін шырақшы болдыңыз. Олар өзіңізден үлгі алып, қанаттанып, ынталанады. Мерейлі жасыңыз құтты болсын. Facыp тойыңызға сергек жетуіңізге тілекшімін, -деді Д.Шамұратов.
Кездесуге Төлеген Берішбаевтің әріптестері де қатысып, шығармашылық жолындағы қызықты сәттерімен бөлісті.


Төлеген Берішбаев 1950 жылдың 1 желтоқсанында Гурьев облысы Махамбет ауданы Қызыл ту ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Саналы ғұмырын журналистік қызметке арнаған Төлеген Берішбаев «Жерге сыр, елге сыр» және «Жүректе тұнған сағыныш» кітаптарының авторы.