Серік Шәпкенов «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоғын қойды

Бүгін 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Жеңіс» саябағында «Ерлікке тағзым» атты салтанатты шара өтті. Мұнда атыраулықтар қанды майданда қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етті.

Шараға облыс, қала басшылығы, ардагерлер, құрмет қарауыл ротасы, департаментіңдер басшылыгы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшылары, Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, облыс прокуроры, Облыстық сот төрағасы, коммуналдық мемлекеттік мекеме басшылары, Атырау гарнизонының әскери қызметшілері, әскери оркестр, сарбаздар мен қала тұрғындары қатысты. 

Салтанатты жиынға қатысушылар майдан даласында бейбітшілік пен бостандық үшін күресте қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кейін «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойды.