Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов облыстық арнайы мектеп-интернатта өткен «Құтты болсын Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысты.
Мерекелік кеште облыс әкімі балаларды Жаңа жылмен құттықтап, әр балаға тәтті сыйлықтар үлестіріп, мекемеге интерактивті тақта тарту етті.
- Құрметті балақайлар! Келе жатқан Жаңа жылымыз құтты болсын! Сіздермен кездескеніме қатты қуаныштымын. Жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алу үшін шырша тойына әп-әдемі боп киініп келіпсіздер. Әрқашан осылай жарқырап жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық тілеймін. Бұл күні тілеген тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!-деді С.Шәпкенов.
Шара барысында Серік Шәпкенов ғимараттағы оқу кабинеттерін аралап, жұмысымен танысты. Облыстық арнайы мектеп-интернатта есту және көру қабілеті зақымдалған, психикалық дамуы тежелген 144 бала білім алады. Олармен 3 логопед, 3 тифлопедагог, 3 сурдопедагог, 1 психолог және 56 мұғалім жұмыс істейді. Бұдан кейін С. Шәпкенов арнаулы сәбилер үйіне барып, ондағы тәрбиеленушілерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Арнайы тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарды үлестіріп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, бұл мекемеде түрлі қиын жағдайда қалған 22 тәрбиеленуші бар. Сонымен қатар, 10 сәби күндізгі бөлімде ем қабылдап жүр.
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі