Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініші мен ұсынысын тыңдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындар тарапынан баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, әлеуметтік көмек алу автомобиль жолдарын жөндеу, электр желілерін жаңарту, сондай-ақ, ауылшаруашылығы мәселелері, санитарлық тазалау және т.б. сұрақтар айтылды.

Кездесуге басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры және өзге де жауапты мекеме басшылары қатысты. Олар азаматтардың сұрағына жауап беріп, қажетті кеңес берді.

Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі негізінен тұрғын үй мәселесін көтереді. Бұл жерде баспана беру Заң аясында кезекке сәйкес беріледі.

Серік Шәпкенов азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. Сұрақтар мұқият қаралып, заңдылығына қарай шешіледі.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бүгінге дейін 28 қабылдау өткізді. 500-ге жуық тұрғынды жеке қабылдады. Оның ішінде 14 азаматтың арызы қанағаттандырылды, 451-нің өтініші бойынша заңға сәйкес мәлімет берілді. Сонымен қатар аймақ басшысы аудандарға жұмыс сапары барысында 150-ден астам тұрғынды қабылдады.

Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.

Байланыс нөмірі: 8 (7122) 95-66-82