Нұрлы Хабиеваны кім ауыстырғаны белгілі болды

Бүгін қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымына Анар Жеңісова тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Анар Жеңісқызы 1977 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1998 жылы Х.Досмухамедов атындағы университетін тәмамдап, информатика және менеджмент мамандығын, 2018 жылы - Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетін бітіріп, құқықтану мамандығын алған. Еңбек жолын 2001 жылы білім беру саласында бастаған.
2010 жылдан мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи жаңадан тағайындалған бөлім басшысының қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.