NCOC компаниясының қызметкерлері дауыс беріп жатыр

Солтүстік Каспий жобасы операторы - NCOC компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Самал вахталық кентінде және D аралында «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында, сондай-ақ компанияның теңіздегі кешенінде жұмыс істейтін қызметкерлер дауыс беруде. Баспасөз қызметі хабарлағандай, NCOC-тың 726 қызметкері (құрлықтағы 574 адам және теңіз кешендеріндегі 152 адам) өндірістен қол үзбей дауыс бере алады. Бұл бірдей дауыс беру мүмкіндігі бар мердігер компаниялардың жұмысшыларын есепке алмағандағы көрсеткіш. Ал мердігер компаниялардағы жұмысшылардың саны 2067 адам.

   Ауысымдағы қызметкерлер жұмыс кестесін желілік басшысымен келісе отырып, дауыс бере алады. Сайлауға қатысу үшін қызметкерлерге келісілген кесте бойынша жұмыс орнынан кетуге мүмкіндік берілетіндіктен технологиялық процесс үзілмейді. Компанияның теңіздегі және құрлықтағы нысандарындағы дауыс беруге арналған орындар жасырын дауыс беру кабиналарымен жабдықталған.

  ҚР заңнамасына сәйкес көшпелі сайлау комиссиялары дауыс беру күні сайлау бюллетеньдерін беретін орындарды белгілеп, арнайы жәшіктерді орнатты. Қашаған кен орнының теңіздегі нысанында дауыс беруді ұйымдастыру үшін сайлау күні көшпелі сайлау комиссиясы тасымалданатын жәшіктерді жеткізді және компаниямен келісім бойынша басқа да қажет жағдайлар ұйымдастырылды.

  Сайлау учаскесінің саны: 3 құрлықта, 1 теңіз кешенінде. Ауа райының қолайсыздығына байланысты теңіз нысанындағы дауыс беру жәшігі ауа тұғырықты кемемен жеткізілді.