NCOC компаниясының еңбеккерлері дауыс берді

Бүгін Атыраудағы NCOC компаниясының шалғай өндірістік алаңдарында вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты.

Компанияның баспасөз бөлімінің хабарлауынша, Атырау облысындағы Батыс Ескене мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы, Қашаған кен орнының теңіз кешені және Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Баутин базасы шалғай өндірістік алаңдарға жатады. Сол алаңдардағы Қазақстан Республикасының азаматтары арнайы жасақталған референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Заңнама талаптарына сәйкес NCOC компаниясы сайлау комиссиясының пайдалануына референдумді дайындау және өткізу үшін қажетті жайлар, жабдықтар мен көлік құралдарын берді.