Нұрсая неге жарықсыз отыр?

Жарықпен бірге, жылу, сусыз қалған тұрғындар қыстың қақ ортасында қақаған үйде отыруға мәжбүр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Атырау-Жарық" мекемесі оқиға орнында бригада жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді. Бір қызығы,  белгісіз компания "Атырау Жарық” АҚ-ның келісімінсіз Нұрсая ықшамауданында жер қазба жұмыстарын жүргізіп, 10 кВ кабель электр желілерін үзіп кеткен.

"Салдарынан Нұрсая ықшамауданы, “Жерұйық” тұрғын-үй кешені, полиция департаменті ғимараты, “Бином” мектебі жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта Нұрсая ықшамауданында қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақты қосылу уақыты белгісіз. Қызметкерлер жедел қосу үшін бар күштерін салуда” делінген  "Атырау-Жарық" мәліметінде.

Жарықтың болмауынан Әл-Фараби атындағы Бином мектебі түстен кейінгі ауысым оқушыларын үш сабақтан кейін босатуға мәжбүр болды.