Нұрсая мен Водников ауылына жаңа автобус шығарылмақ
Бұл туралы "Smart Atyrau" мекемесінің директоры Арслан Аронов ӨКҚ брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
2024 жылы Нұрсая ықшам ауданы мен Водников ауылына қатынайтын жаңадан бес қоғамдық көлік шығару жоспарланып отыр екен. Сондай-ақ, алдағы он күнде Еркінқала ауылына қатынайтын автобустар жаңартылады.
Айта кетейік, өңірде 31 бағыт бойынша 249 автобус жолаушылар тасымалдайды. Оның 13-і ауылдық округ, 18-і қалаішілік. Қалада бес автопарк қызмет көрсетеді. Автобустардың көбісі ескірген. Арслан Аронұлы бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табатындығына сендірді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ