Мұздан келер қауіп: атыраулық балықшылар өмірін тәуекелге тігіп отыр

Төтеншеліктер сақтық шараларын сақтауды ескертеді.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы қала тұрғындары мен қонақтарға жұқа мұз үстіне шықпауларын ескертеді.
Өйткені Жайық өзенінің тек жағалауында ғана мұздың қалыңдығы 3-5 см құрайды. Ал орта тұсында мұз әлі қатпаған.
Құтқарушылардың ескертулеріне қарамастан, балық аулаушылар мұз үстіне шығып, өмірлеріне қауіп төндірулерін жалғастырып отыр.
Осы ретте Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері оқыс жағдайларды алдын алу үшін облыс тұрғындарын сақ болуға шақырады.
Фото ашық дереккөздерден алынды.