Мүмкіндігі шектелуі жандарға да жағдай жасалған

Атырауда сайлау комиссиялары материалдық-техникалық жабдықтармен толықтай қамтылған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да барлық жағдай жасалады.

Облыс бойынша дауыс беру құқығына ие мүгедектігі бар адам саны – 1959. Дауыс беру учаскелері материалдық-техникалық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Тактильді жолақтар, ақпараттық белгі, брайль әліппесі, лупа секілді қажеттіліктер орналастырылған. Сонымен қатар, учаскелердің ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасуы да сайлаушылар үшін қолайлы болып отыр.

Сондай-ақ, сайлау күні инватакси қызмет көрсетеді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева жоғарыда аталған мүгедектігі бар 1959 адамның 216-сы үйден дауыс беруге өтініш білдіргенін жеткізді.