Молдағұлова көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Жалпы ұзындығы 3,14 шақырымды құрайтын бұл аумаққа 2021 жылы ашық электронды конкурс жарияланды. Нәтижесінде “Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты» АҚ мердігер мекемесі жеңімпаз болып анықталып, жуырда жұмыстар басталады. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде толықтай автокөлік жолының беткі асфальт қабаттары алынып, жаңадан салынады. Сонымен қатар, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолын салу және жол белгілерін жаңғырту жұмыстары көзделген.