Молдағалиев, Әліпов және Темірханов көшесіне жөндеу жұмыстары басталды

Молдағалиев, Әліпов және Темірханов көшесіне жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл жалпы ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын жолды жөндеу үшін биыл ашық электронды конкурс жарияланды. Қазіргі таңда қорытындысы күтілуде.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде толықтай автокөлік жолының беткі қабаттары алынып, жаңадан салынады. Сонымен қатар, жоба аясында граниттік жиектастарды орнату, жаяу жүргінші жолын салу және жол белгілерін жаңғырту жұмыстары жсопарланған.
"Молдағалиев көшесі - Азаттық даңғылынан «Атырау-Ақпарат» ЖШС ғимаратына дейін жөндеу жүргізіледі. Ал Әліпов көшесі - Азаттық даңғылынан Махамбет көшесіне дейін жол құрылысы жасалмақ. Ал, Темірханов көшесі - Махамбет көшесінен Смағұлов көшесіне дейін жөнделеді", - делінген хабарламада.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА