Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгінде Қызылқоға ауданында ауқымды жобалар қолға алынып, халықтың игілігіне жарайтын құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі – аудан орталығы Миялы ауылында үш қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы.
- Құрылыс жұмыстары НКОК компаниясының қаржысымен салынуда. Тапсырыс беруші - облыстық Құрылыс басқармасы. Мердігер мекеме «ТемирСтройСервис и Ко» ЖШС. Жоба құны 1,4 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстары 2024 жылғы наурыз айында аяқталады деп жоспарланған, - деді аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметов.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының алғашқы қадамдары басталған. Яғни шұңқырлары қазылып, іргетасын құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда 6 арнайы техникамен 25 қызметкер еңбек етуде.
Айта кетейік, Қызылқоға ауданында 30780 халық болса, аудан орталығы Миялыда 7544 тұрғын бар.