Министр Атыраудағы нәрестені лезвиемен тіліп "емдеген" жағдайға қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырауда жаңа туған нәрестенің бетін тіліп "емдеген" жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды AtyrauPress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

 "Бүгінгі менің көзқарасым бойынша, адамдар баламалы медицинамен айналысады. Егер олар медициналық көмек көрсетсе, лицензия алуы қажет (қызметіне. - еск.) және лицензияланған қызмет түрін көрсету керек. Бүгінде лицензияланған медициналық көмек түрлеріне хиджама жатпайды. Сондықтан, бүгін комитет бұл деректі анықтап жатыр, тексеру жүргізеді. Алдағы уақытта бұл мәселелерді (бақылауға. - еск.) аламыз", - деді министр Сенат отырысында журналистер сұрағына жауап беріп.

Атырауда баланың бетін тіліп "емдегені" туралы ақпарат бұған дейін "НеМолчиKZ" қорының парақшасында пайда болды. Қор өкілдерінің айтуынша, процедура хиджама орталығында жүргізілген.