Мереке қарсаңында облыстың дамуы үшін үлес қосқан азаматтар марапатталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан азаматтар марапатталды.
Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 33 адам марапатталды.
«Парасат» орденімен: Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
«Құрмет» орденімен: Әмірғалиева Айгүл Маулышарифқызы «Амангелді атындағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сауда бөлімінің директоры;
Құлтекенов Қайыржан Климентұлы«Казкомсервис»ЖШС құрылтайшысы;
Эльма Исмаил «SPC Harmony Schools» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры;
Сүлейменов Мәлік еңбек ардагері. III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен: Исағалиева Жамиля Орынбасарқызы «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнның бас технологі;
Кидалов Николай Иванович «ИСИГипсИндер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 6-разрядты электрослесарі;
Түсіпов Рахмет Мұғауұлы «Атырау Мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Хош иісті көмірсутектер өндірісінің технологиялық қондырғы машинисті;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен: Байзуллин Ұзақбай Шораұлы Атырау қаласы Дамбы ауылдық округінің әкімі;
Даулетов Манарбек Манапұлы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының әртісі;
Дүйсекенова Злиха Қадырбайқызы «Атырау облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің менеджері;
Жақияев Альберт Жүсіпұлы «Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық ұйымының Атырау облыстық филиалының мүшесі;
Жауымбаев Қаршыға Елемесұлы Атырау қалалық Мәслихат хатшысы; Зайнуллин Талапқали Сұлтанмұратұлы Смағұл Көшекбаев атындағы Құрманғазы аудандық мәдениет үйінің дирижеры;
Қарасаева Жаниба еңбек ардагері; Ли Анатолий «Наурыз» шаруа қожалығының жетекшісі;
Меңдігереева Айман Калимқызы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры;
Сүйеуқызы Қалампыр еңбек ардагері; Төлеуов Бақытжан Қайырболатұлы «Держава-К» жеке кәсіпкерлігінің қызметкері;
Үмбеталиев Марат Қуанышұлы «Сенім Шыңы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Шеркешбаева Бағыт Кеңесқызы Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры;
Қабиева Гүлшара Мақажанқызы Индер аудандық мәслихаты аппаратының басшысы.
«Шапағат» медалімен: Аронова Айсұлу Құбашқызы «Мақат аудандық ауруханасы» КМК жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, - жұқпалы аурулар дәрігері;
Бөртебаев Дархан Қосымбайұлы «Жылыой аудандық орталық ауруханасы» КМК дәрігері;
Сабиров Еркін Бекетұлы Атырау қалалық №4 емханасының директоры; Шарафеденова Шынар Қызылқоға ауданы Қаракөл дәрігерлік амбулаториясының дәрігері. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен: Сүндетова Гүлмайдан Сүндетқызы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармонияның әртісі;
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен: Ахтаев Бақтыгерей Шанұлы «Ембімұнайгаз» АҚ «Жайықмұнайгаз» Мұнай Газ Өндіру Басқармасы №4 мұнай-газ өндіру цехының кен қабаты қысымын сақтау шебері;
Дайынов Ризабек Өтежанұлы «Бек и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы;
Жанесеев Қуат Ғибатоллаұлы жеке кәсіпкер; Қабдрахманова Қымбат Хасанқызы «Жылыой аудандық орталық кітапханасы» КМК оқырманды қамту бөлімінің библиографы;
Қауысқалиев Жұмажан Бисенғалиұлы «Атырауинжстрой-АИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске бастығы; Бапаева Жеміс Сабырғалиқызы Атырау қаласы №33 Қасым Қайсенов атындағы орта мектеп директоры.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасында ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен:
Синицына Виктория Викторовна «Довира» украин этномәдени бірлестігінің төрайымы;
Хасенова Балғаным Құрманғазы ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар Кеңесінің төрайымы.