18 «мамыр», 2023 70

Мемлекеттік мекемелердің басшылары жауапкершілікке тартылды


Құрманғазы ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметіне талдау жасады, деп хабарлайды AtyrauPress Құрманғазы ауданының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Талдаумен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес құзыреттілік талаптарына сай келмейтін өнім берушілерді жеңімпаз деп тану, нақты тауардың атауының маркасын көрсету, тауарларды жеткізудің қысқа мерзімін айқындау фактілері анықталды.
 
Мысаға, тапсырыс беруші «Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ атынан мердігерлерге алдын ала сатып алынатын тауарлардың маркасы, атауы туралы мәліметтер берілген.
 
Сондай-ақ бірқатар білім беру ұйымдары қойылған талаптарға сәйкес келмейтін қызмет көрсететін кәсіпкерлерді заңсыз жеңімпаз деп таныған.
Прокурорлық ден қою шараларымен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған мемлекеттік мекемелердің 11 басшысына 1,7 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды, 14 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
 
 

Тегтер: # прокуратура # мемлекеттік қызметкерлер