Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобалар ел игілігі жолында пайдалануға берілуі тиіс - облыс әкімі

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жұмыс сапарымен Жылыой ауданына келіп, Қосшағыл ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы алдымен Қосшағыл ауылында жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндап, алда атқарылатын істердің жоспарын айтты.
- Қосшағыл ауылішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Оған бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер мекеме «Казкомсервис» ЖШС болды,-деді С. Шәпкенов.
Өңір басшысы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қосшағылдықтар әлеуметтік мәселелерді көтерді. Әсіресе, азық-түлік бағасының қымбаттауы мен жұмыспен қамту жайы өзекті.
Серік Шәпкенов тұрғындардың сауалы заң аясында шешім табатынын айтты.
Бұдан бөлек, Серік Шәпкенов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Қосшағыл ауылында 4000-ға жуық халық тұрады. Мұнда 1 мектеп, 1 балабақша, 1 амбулаториялық емхана, полиция бөлімшесі және өзге де әлеуметтік нысандар бар.
Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Қосшағыл ауылдық округінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.