Огородная көшесіне іргелес жатқан учаске тұрғындары сапалы медициналық көмек ала алады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
– Огородная көшесіне іргелес жатқан осы учаскеде тұратын адамдар өз үйлерінен алыс кетпестен толық көлемде сапалы медициналық көмек ала алады, - дейді Огородная көшесіндегі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері, "үздік дәрігер" атағының иегері Шолпан Ақбалиева.
Шолпан Кенжібайқызының айтуынша, Огородная дәрігерлік амбулатория 7500 адамға қызмет көрсетеді. 6 учаскесі бар: 2 терапиялық, 2 педиатриялық, 2 жалпы практика дәрігері. Амбулаторияның мақсаты – аурулардың алдын алу және халыққа сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, бекітілген диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі уақытта балалар арасында ең көп таралған аурулар: ЖРВИ, ЛОР аурулары, ересектер арасында: ЖРВИ және ЛОР аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары. Амбулатория қызметкерлерінің жұмысы мен пациенттерінің денсаулығы үшін барлық жағдай жасалған.