03 Маусым, 2022 473

МӘЖІЛІСМЕН СЕРІК ЕРУБАЕВ ЖАЛҒАНСАЙ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 МӘЖІЛІСМЕН СЕРІК ЕРУБАЕВ ЖАЛҒАНСАЙ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Махамбет ауданына соның ішінде Жалғансай селолық округіне іссапармен барған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәрсенұлы тұрғындармен кездесіп, референдумның мән-маңызына тоқталды.

 Атап айтқанда, еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы толықтай баяндап берді.
 " Конституцияның 33 бабына 54 өзгеріс енгізіледі. Бұл елімізді демократияландыру, азаматтық қоғамды дамыту жолындағы маңызды қадам" деп атап өтті спикер Серік Ерубаев.
Ауыл тұрғындары 5 маусымда өтетін еліміздің ең маңызды саяси науқанын қолдайтындықтарын жеткізді.
 Бұдан бөлек, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарды қойып, бірқатар мәселелер талқыланды.