Майдангер атаңыздың атын қалдырыңыз — жаңа жоба

Биыл әскери шеру өтпейтіндіктен, баршаға ыңғайлы болу үшін «Мәңгі өлмейтіндер полкі» акциясы онлайн режимінде ұйымдастырылмақ.
2014 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Tengrinews.kz «Жеңімпаздар» жобасын іске қосты. Оған Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады.
Атырау облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының мәліметінше, биыл «Батырларға тағзым» акциясы «Ер есімі – ел есінде» атауымен онлайн форматта өтеді. Акция «Tengrinews» сайтындағы «Жеңімпаздар/победители» онлайн платформасында ұйымдастырылады. Шараға қатысушылар 87009051945 whatsApp нөміріне майданда қаза болған аталары туралы мәліметті жіберуге мүміндік бар. Ал, қазақстандықтар https://tengrinews.kz/pobediteli/ сайтына кіру арқылы сауалнама толтырып, соғыста қаза болған батырлар мен ардагерлер туралы ақпаратпен таныса алады.