03 «тамыз», 2022 2001

"Маса улануы керек" - М.Қалауи тікелей эфирден тапсырма берді

 «Маса улануы керек» - М.Қалауи тікелей эфирден тапсырма берді

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи тікелей эфирде тұрғын сауалына осылай жауап берді.

«Атырау» арнасындағы сұхбатында қала әкіміне қала маңындағы Бірлік ауылының тұрғыны тікелей эфирде хабарласып, масаның көбейіп кеткендігін айтты.  Шаһар басшысы бұл мәселенің оңай шешілетінін, ол үшін 109 бірыңғай өтініш беру қызметіне өтініш қалдыру керектігін айтты.


«Эфирді әріптестерім де қарап отырған болуы керек. Шұғыл түрде тапсырма беремін. Бірлік ауылында масаны улауды күшейтеміз. Бізде 109 деген бірыңғай өтініш беру қызметіне өтінішіңізді берсеңіз, біз бұл маса мәселесін шешеміз. Мердігер мекемесі анықталған, қажетті қаражаты бөлінген. Бұл жерде ешқандай түйткіл болмау керек, - деді қала әкімі.