Мас күйде көлік жүргізген атыраулық қолға түсті

Атырауда мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

27 тамыз күні облыс аумағын қиып өтетін республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 851-шақырымы тұсында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күдік тудырған Opel Vectra көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көлік жүргізушісінен спирттік иіс байқалып, медициналық сараптамадан өткізу барысында 1980 жылы туған көлік жүргізушісінің жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды.

Қазір 43 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама жасақталып, сотқа дейінгі әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, мас күйде көлік жүргізгендерді сот шешімімен 15 күнге қамау алу және 7 жыл мерзімде көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение 2 человека и текст