07 Қыркүйек, 2023 129

Мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды


6 қыркүйек күні Атырау-Индер тасжолы Индер ауылының тұсында ВАЗ-2114 автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Тексеру барысында, 1982 жылы туған жүргізуші алкагольдік ішімдік ішіп, мас күйде көлік басқарғаны анықталды. Аталған дерек негізінде оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 608-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, тиісті шарасы қолданылды.

Осы ретте, атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, автокөлікті ішімдік ішіп басқармауды ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ