МӘМС: Мамандар маңызды сұрақтарға жауап берді

Мамандар Міндетті медициналық сақтандыруға қатысты азаматтарды толғандырған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

1.Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені қалай тексеруге болады?

- Әрбір азамат өздігінен Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені бірнеше жолмен тексере алады.
1.Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы. Ол үшін мәзірде «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, ЖСН енгізу қажет. Сол кезде мәртебе және алдыңғы 12 айдағы төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады.
Қосымшаны PlayMarket және AppStore-дан жүктеуге болады
2.Телеграмм-бот @SaqtandyryBot. Шағын бағдарламаны іске қосу үшін сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына атау енгізіңіз, Бұдан әрі – «Сақтандырылу мәртебесін анықтау» бөлімін таңдаңыз, ЖСН енгізіңіз.
3.Egov.kz электрондық үкімет порталы. Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» қызметін табу, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу, ЖСН көрсету қажет. Нәтиже 10 минут ішінде пайда болады.
4.Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты. «Мәртебені анықтау» нүктесі оң жақта орналасқан. Соны басып , ЖСН көрсету жеткілікті.

 2. Тегін медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша пациенттерге қандай дәрілік көмек көрсетіледі?

- Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша тұрғындар белгілі бір аурулар болған кезде ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сене алатынын регламенттейді. ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы №75 бұйрығында жай-күй атаулары мен дәрілік заттардың тізбесі көрсетілген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың тізімін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, амбулаториялық тізбеге қосымша келесі ауруардың (жай-күй) атаулары енгізілді:
• жұқпалы және паразиттік аурулар (Лайма ауруы, желшешек, микоз, токсоплазмоз және т.б);
• ас қорыту ауруалары (Целиакия, тас ауруы, холецистит/холангит және т.б.);
• эндокриндік бұзылулар (аминқышқылдарының тасымалдануының бұзылуы);
• жүйке жүйесінің аурулары (Альцгеймер ауруы, бассүйек нервілерінің зақымдануы, Дюшен бұлшықет атрофиясы және т.б.);
• көру органдарының қабыну және қабыну емес аурулары (жедел/созылмалы блефарит, конъюктивит, галукома және т.б);
• қан айналымы жүйесінің аурулары (біріншілік өкпе гиперплазиясы, инфекциялық эндокардит және т.б)
• таныс алу органдарының аурулары (жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жедел респираторлық инфекциялары, синусит, бадамша бездер және аденоидтардың аурулары, вазоматорлы және аллергиялық ринит).
Бүгінгі күні амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 347 атауы бойынша 49 аурулар (жай-күйлер), МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 265 атауы бойынша 79 аурулар (жай-күйлер) қамтамасыз етіледі.
Дәрі-дәрмектерді алу үшін пациент өзінің учаскелік дәрігеріне баруы керек. Учаскелік дәрігер науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді алуға рецепт жазады. Рецептпен сіз жеке басын куәландыратын құжатпен емхананың дәріханасына баруыңыз керек.

3. Кейде тұрғындар жарналар мен аударымдарды қате төлеп жатады, соларды қайтару қалай жүзеге асырылады?

- Аударымдардың, жарналардың немесе өсімпұлдың артық (қате) есептелген сомаларын қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-на өтініш беріледі.
Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен күннен бастап бес операциялық күн ішінде аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды есепке жатқызу фактісін тексереді, өтініш осы төлем бойынша барлық деректемелерді растауды қоса бере отырып, Қорға жіберіледі.
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару туралы төлеушінің өтінішін қарау нәтижелері бойынша қор мынадай шешімдер қабылдайды:
• аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың артық (қате) есептелген сомаларын төлеушіге қайтару туралы;
• аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын төлеушіні қайтарудан бас тарту туралы (егер төлемді растайтын құжаттар болмаса, егер ақпараттық жүйелерден растау болмаса, сондай-ақ шетел азаматы қайтаруды ресімдесе, өтініште деректер дұрыс толтырылмаған).
Өтінішті сайт арқылы беруге болады https://eotinish.kz/

 4.Мен үйде отырып жұмыс істеймін, ресми түрде емес. Мен МӘМС жүйесіне жарна төлеуім керек пе және неге? Олай болса, қалай, қашан және қанша?

– Бұл жағдайда сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар санатына жатасыз, сонымен қатар, сіздің жалданушы қызметкерлеріңіз болмайды. Сіз МӘМС жүйесіне жарна төлемеуіңізге болады. Бірақ бұл жағдайда сіз сақтандырылмайсыз, демек, сіз тек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана көмек ала аласыз (жедел, шұғыл жәрдем). МӘМС пакетіне кіретін қызметтерді (мамандардың қабылдауы, зерттеу қызметтері, диагностика, операциялар) алу үшін, өзіңізді сақтандырып, ай сайын біртұтас жиынтық төлем (БЖТ) төлеуіңіз керек. Сонымен бірге БЖТ салық агенттері қатарына жатпайды.
БЖТ қандай мүмкіндіктер береді?
- МӘМС жарналарынан басқа, БЖТ міндетті зейнетақы жарналарын да қамтиды. Яғни, БЖТ төлей отырып, сіз өзіңіздің базалық зейнетақы төлеміңізді қамтамасыз етесіз (жұмыс тәжірбиесіне байланысты). Сіз қаншалықты ұзақ төлеген болсаңыз, болашақта соғұрлым көп зейнетақы аласыз, өйткені еңбек өтілі ескеріледі. Сондай-ақ сіз әлеуметтік жарна төлегендіктен (олар да БЖТ құрамына кіреді), сіз егер еңбекке қабілеттілігіңізді жоғалтсаңыз, асыраушыңыздан айрылсаңыз, жүктілік пен босану кезінде, бала асырап алу немесе бала күтімі кезінде әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығыңыз бар.

 5. БЖТ деген не және ол қалай есептеледі?

– БЖТ, жоғарыда айтқанымдай, бұл – біртұтас жиынтық төлем. Ол айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерімен есептеледі. Қала тұрғындары үшін бұл – 1 АЕК (2023 жылы 3500 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК (2023 жылы 1725 теңге).
Сонымен қатар БЖТ құрамына:
• жеке табыс салығы;
• зейнетақы жарнасы;
• МӘМС салымдары
• әлеуметтік аударымдар кіреді.

 6.МРТ алуым керек, бірақ маған жолдама бермейді. Неліктен?

– КТ немесе МРТ қызметін алу үшін сізге учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет. Ол тек тиісті дәрігерлік нұсқаулар болған кезде беріледі, өйткені, бұл процедурада электромагниттік сәулелену қаупі бар. Оны қажетсіз жасай берген дұрыс болмайды. Яғни, мұндай тексерулерге медициналық нұсқаулар болмаған жағдайда ғана сізге жолдама берілмеуі мүмкін.

 7.МӘМС бойынша тіс дәрігерінде тегін емделуге бола ма?

– МӘМС жүйесі аясында ақысыз стоматологиялық қызметтерді 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары, мүгедектер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар («Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталғандар), атаулы әлеуметтік көмек алушылар, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар немесе басқаларға қауіп төндіретін аурулары бар пациенттер ала алады.
Егер емдеу жоспарланған болса (шұғыл емес), жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балалар үшін МӘМС бойынша тегін стоматологиялық ем тағайындалады.
Қалған пациенттердің барлық санаттары стоматологиялық қызметті ақылы алады. Егер сіздің медициналық ұйымыңызда тіс дәрігері болмаса (егер дәрігер нұсқауы көрсетілген жағдайлар мен санаттарға сәйкес болса), cізге Қор жеткізушілерінің тізімінде көрсетілген медициналық ұйымға жолдама беруі тиіс.

 8.Оқу үшін 075-y анықтамасын МӘМС бойынша ақысыз жасауға бола ма?

– 075 анықтамасы МӘМС пакетіне кірмейді. Бұл мемлекеттік қызметті медициналық ұйымдар ақылы түрде ұсынады. Бұл анықтамалар оқуға түсетін немесе жұмысқа кіретін пациенттің кәсіби жарамдылығы туралы дәрігердің тұжырымын алу мақсатымен мерзімді медициналық тексеруден өту үшін беріледі. Бұл профилактикалық санатқа жатпайды. Бірақ пациент жылына бір рет ақысыз негізде профилактикалық тексеруден өтуге құқылы.

 9.Пациент қайтыс болған жағдайда оның жинақталған ақшасы туыстарына беріле ме?

– Жоқ, жарналарды аудару қарастырылмаған, өйткені әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе емес. Медициналық көмек жарналардың мөлшері мен сомасына қарамастан көрсетіледі. Яғни, халықтың барлық санаттарының медициналық қызметтерге қолжетімділігі бірдей. Бұл жүйенің тең қолжетімділік және ынтымақтастық принципі осында жатыр. Сондықтан, біз әр түрлі кірісі бар адамдарға бірдей, бейтарап қызмет көрсететін осындай модельді таңдадық.

 10. Екпелер сақтандыру бойынша көрсетілетін көмекке кіре ме?

- Барлық азаматтарға профилактикалық мақсатта жасалатын екпелер егу мемлекет тарапынан кепілдік берілген тегін медициналық қызметтер пакетіне кіреді.

 11. Жұмыс орнын ауыстырған кезде, жаңа жұмысқа ауысқанға дейін менде 1-2 ай үзіліс болса, МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтер пакетін қолдана аламын ба?

- Ұсынылатын нормалар бойынша соңғы салым жасалған айдан бастап 3 айдың ішінде МӘМС-те медициналық көмекке құқық сақталады, сонымен бірге 3 айға жасалатын салымдарды төлеу міндеттемесі (қарыз) сақталады.