13 «Желтоқсан», 2022 146

Махамбеттіктер 98,1% орталықтандырылған ауыз су желісімен қамтылған

 Махамбеттіктер 98,1% орталықтандырылған ауыз су желісімен қамтылған

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде ауданда 15 су тазарту қондырғылары жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта аудан халқының 98,1% ауыз суды орталықтандырылған су желісі арқылы тұтынып отыр.


- Осы жылы облыстық бюджеттен Махамбет ауылының №2, Аққайың және Еңбекшіл ауылдарындағы су тазарту қондырғыларына 11 млн 519 мың теңге қаржы бөлініп, қазір жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Ал басқа округтерде орналасқан су тазарту қондырғыларына қайта жаңғыртуға, жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға 103 млн 322 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімі жасақталып жатыр. Жобаларды 2023 жылдың мамыр айына дейін аяқтап, сараптама қорытындысын алу жоспарлануда. Сондай-ақ ауданда су тазарту қондырғылары жоқ алты елді мекен бар. Бұл елді мекендерге ауыз су автокөліктермен тасымалданады,- деді Қ.Нұрлыбаев.



Аудан әкімі су тазарту қондырғысы жоқ Есмахан, Көздіқара, Бала Ораз, Атамбаев елді мекендеріне су желісінің құрылысын жасақтау үшін 20 млн теңге қаралғанын, сараптама қорытындысын алу 2023 жылға жоспарланғанын жеткізді.