11 Ақпан, 2023 88

Махамбеттік полицейлер жолда қалғандарға көмектесті (+ВИДЕО)

 Махамбеттік полицейлер жолда қалғандарға көмектесті (+ВИДЕО)

Ақтүтек боран біраз көлік жүргізушілерін әуре-сарсаңға салды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Күн райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған көліктерге жол полициясы қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр.

Мәселен, 7 ақпан мен 8 ақпан аралығында Махамбет ауылының орталық көшелерінде толассыз жауған қардың салдарынан 8 автокөлік батып қалған. Автокөліктерді шығаруға Махамбет ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары Жайшылықов Нұрлыбек Қаржауұлы, Жардемов Батырхан , Құрман Сиғуатұлы қалың қардың салдарынан істен шыққан автокөліктерге көмек көрсетіп, қарды күреп жүргізушілерге көмектесті.

Далада тұрып қалған жүргізушілер қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Көмек көрсетілген жүргізушілер тәртіп сақшыларына өз алғыстарын білдірді.

Фото: Ерлан Алтыбаев