Махамбеттік жас домбырашылар халықаралық өнер байқауында бас жүлдеге ие болды

Бұл туралы Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атырау қаласында өткен «Самға, әуен!» халықаралық жастар, балалар, жасөспірімдерге арналған өнер байқауында Алға мәдениет үйі жанынан құрылған «Әлқисса» домбырашылар үйірмесінің жас домбырашылары бас жүлдені жеңіп алды.


- Жас домбырашылар осы жылдың маусымында Астана қаласында өткен «Бала шабыты» дарынды балалар байқауында да бас жүлдемен оралған еді. Ауыл балаларының қасиетті домбыраға деген сүйіспеншілігі, қызығушылығы өте жоғары. Сондықтан, алда өтетін байқауларда да өз өнерлерімен көптеген жетістікке жетеді деген ойдамын, деді үйірме жетекшісі Алмагүл Ермекова.


Айта кетейік, домбыра үйірмесі Алға мәдениет үйі жанынан 2020 жылы құрылған. Оған Алға ауылының 60 баласы қатысады. Олар жас ерекшелігіне байланысты жеті топқа бөлінген.