Махамбет ауданында жедел жәрдем қызметіне көлік, ал дәрігерлерге пәтер берілді

Бұл туралы AtyrauPress Махамбет ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев ауданға қарасты елді мекендерге су жаңа 5 жедел жәрдем көлігінің кілтін  салтанатты түрде табыстады. 

Облыс әкімдігінің қолдауымен алынған жаңа жедел жәрдем көліктері ауданға қарасты Ортақшыл, Алға, Бейбарыс, Сарайшық, Сарытоғай елді мекендеріне пайдалануға берілмек. 

Сонымен қатар, ауданға жаңадан келген лор, хирург, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге 3 жаңа үйдің кілті табысталды.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Қайрат Есқабылұлы аудан халқын қуанышты  жаңалықтармен құттықтап, Махамбет ауданында медицина саласының ілгері дамуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Мира Нұртаева