Махамбет ауданында бірқатар спорт кешендері бой көтермек

Бұл туралы Махамабет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сай, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылындағы спорт кешені, Таңдай ауылындағы спорттық алаң- 2024 жылға, Ортақшыл ауылына спорт кешені 2025 жылға жоспарға қойылып отыр.



- 2022-2025 жылдарға арналған Махамбет ауданының Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша 2023 жылға Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл, Есбол, Жалғансай ауылдарына жасанды төсеніші бар ашық спорт алаңдарының құрылысын салу жоспарға енгізілді. Ал спортшыларымыз өз кезегінде ел чемпионаттарында бірқатар жетістіктерге жетіп жүр,- деді Қ.Нұрлыбаев.



Айта кетейік, Махамбет ауданы бойынша халық саны 29086 болса, спорттық нысандар саны 87, онда жүйелі дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы саны 7450, яғни 25,6% жетіп отыр.