Мақат ауданында наурыз көже мен бауырсақ тегін таратылды

 Ауданда наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған “Еліме шуақ сыйлаған әз-Наурыз” атты мерекелік іс-шара барысында ауданның шағын кәсіп иелері тұрғындарға дәстүрлі мерекелік тағамдар - көже мен бауырсақты тегін ұсынды.

Аудан тұрғындары мен қонақтарын дәмді көжемен тойдыруға жеке кәсіп иелері мен аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің қызметкерлері ат салысты.

Сондай-ақ, Орталық алаң және Қаныш Сәтбаев, Сәтқұл Бекжанов көшелері бойында түрлі мекемелер 10 ақшаңқан киіз үй тігіп, жиналған халыққа ұлттық тағамдар мен наурыз көже ұсынды.