Ауданда көпбалалы бес анаға Алтын және Күміс алқа табыс етілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Мақат ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Аудан әкімінің орынбасары Ербол Қонысбайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы №439 Жарлығымен наградталған көп балалы аналарды қабылдап, «Алтын» және «Күміс» алқаларын салтанатты түрде табыс етті", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазір Мақат ауданында 211 "Алтын алқа" және 359 "Күміс алқа" иеленген аналар бар.
Эльмира Мықтыбаева