Депутат Қарабатан елді мекенінде жүріп жатқан қарқынды құрылыс жұмыстарымен танысу үшін арнайы барды және жұмысшыларға референдумның маңыздылығын насихаттады, деп хабарлайды ATPress.kz.
"Референдум - Жаңа Қазақстанды құруға арналған басты
қадам. Біз экономикасы қуатты, әлеумет әлеуеті дамыған ел үшін дауыс
беруіміз керек. Референдумға қатысу - болашақ үшін жасалған қадам" деді
депутат Дүйсенбай Тұрғанов.
Мәжілісмен жұмысшылардың да ой-пікірін тыңдады.
Қазір зауытта полипропиленнің алғашқы партиясын алуға дайындық жүріп жатыр. Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, су мәселесі өзекті. Бүгінде тіршілік нәрі Қиғаш өзенінен алынып жатыр. Болашақта су тапшыығы болуы мүмкін деген де болжам бар.
Қазіргі таңда зауытта 2700 адам жұмыспен қамтылған. Оның 200-і Қытайдағы баламалы зауыттан келіп жұмыс істеп жатыр. 1200-і шетелдік азаматтар.
Алдағы уақытта зауыт жылына 500 тонна полиэтилен шығаруды жоспарлап отыр.