КСРО чемпионаттарында 5 рет жеңіске жеткен қазақ боксшысы Түркияда дүниеден өтті

Бокстан КСРО-ның 5 дүркін чемпионы, Қазақстан спортшылар одағының құрметті мүшесі, Атырау облысының Құрметті азаматы Болат Теміров 54 жасына қараған шағында дүниеден өтті.

Қаралы хабарды Атырау Бокс федерациясы жеткізді.

Болат Теміров 1969 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасынан 90-жылдардың басына дейін шаршы алаңда атой салған. Қазақстан құрамасының капитаны болды.

Ол 1991 жылы Минскіде алауы тұтанған КСРО халықтары спартакиадасында алтын алған. Бес рет КСРО чемпионатында топ жарған. 1992 жылы Барселондағы Олимпиада ойындарына қатысты.

 

Фото kfb.kz