Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталды
Оған еліміздегі тұңғыш газ-химия кешенінің қызметкерлері белсенді қатысып жатыр. Б.Нысанбав атындағы орта мектебі, №253 референдум учаскесіне «KPI» ЖШС-нің Атырау қаласының тұрғыны емес қызметкерлері, 6 қазанда күндізгі ауысымындағы жұмысшылары және БГХК аумағында вахталық әдіспен жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың қызметкерлері дауыс берді.
Одан бөлек, компанияның жергілікті қызметкердері азаматтық позицияларын білдіріп, өздерінің тіркелген мекенжайларына сәйкес сайлау учаскелеріне барып дауыс беруде.