Көпбалалылар автобуспен тегін жүре ме?

Бұл сұраққа Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің көлік және энергетика секторының бас маманы Жадыра Сәндібекова жауап берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Осыған дейін көпбалалы аналар жолақы төлеуде 50 пайыздық жеңілдікті пайдаланып келді. Ал, биыл 1 наурыздан бастап заңға өзгеріс енгізіліп, олар тегін жүретін болып шешілді. Бірақ, мұндай мүмкіндік тек Батыр ана, алтын және күміс алқа иелеріне ғана беріліп отыр. Төрт баласы барларға бұрынғыдай жартылай ғана жеңілдік жасалады. Олар «Smart Atyrau» мекемесіне барып, тегін жүруге арналған жолақы картасын алуы керек» деп түсіндірді Ж.Сандибекова.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ