Көлікте қысылып қалғандар құтқарылды

Құтқарушылар автокөлікте қысылып қалған адамдарды құтқарды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. 21 қараша күні 20:24 сағатта Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылынан 15 шақырым жерде Атырау-Ақтобе республикалық маңызы бар тасжолда қос автокөлік соқтығысқан. Салдарынан автокөлікте қысылып қалған екі адамды құтқарушылар шығарып, жедел жәрдем қызметі қызметкерлеріне тапсырды.
Жарақат алған адамдардың азаматтығы анықталуда. Авариялық-құтқару жұмыстарына облыстық ТЖД-інен төрт кызметкер мен 1 техника қатысты.