Көлік жүргізушісінің төрт-түлікке соқтығысуы салдарынан бір күнде екі жол апаты орын алды

18 қазан күні Ақтөбе- Астрхан тас жолының 705 шақырым тұсында Toyotа маркалы автокөлігінің кенеттен жолға шыққан төрт-түлікке соқтығысуы салдарынан жол апаты орын алды. Сонымен қатар Доссор-Құлсары тас жолының 106 шақырымында Kia автокөлігінің жүргізушісі жылқы малын қағып, жол көлік оқиғасы орын алған.

 Аталған оқиғалар бойынша көліктің жолаушылары мен жүргізушілері жарақат алған жоқ.

Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Қараусыз үй жануарларының иелері іздестіріліп жатыр. 

Осы ретте тәртіп сақшылары облыс аумағында және республикалық маңызы бар автожолдар бойында малдардың қараусыз жайылып жүруі жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескертеді.