Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.
2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.
2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда қызмет етті.
2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.
2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.
2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі.
2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.