Кішкентай қызды тепкен түрік азаматы қамауға алынды

Алматының іргесіндегі сауда ойын-сауық орталығында қызды тепкен түрік азаматы қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде кәмелетке толмаған баланы тепкен ер адам 2 ай мерзімге қамауға алынды», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.