"Кіндігімді кескен жер, бесігім болып өскен жер…" әдеби - ән кеші өтті

Ақын, мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Өтеген Оралбайұлының әдеби ән кеші өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Мәдени іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, облыстық ардагерлер кеңесінің төреағасы Мұрат Өтешов және  облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мақсым  Ізбасов қатысты. 
Олар әдеби кештің қадірлі қонағы болған Өтеген Оралбайұлы мен оның жұбайына құрмет көрсетіп, ақжарма тілекайтты. 

- Осы күнге дейін жеткен шығармашылық жетістіктеріңіздің арқасында бүгін жеке ән кешініздің шымылдығы түріліп отыр.Осы ән сапарыныздағы барлық көрсетілетін құрмет, қошеметіміз өзіңізге арналады ,- деді облыс әкімінің орынбасары Д.Шамұратов.

Іс-шараның шымылдығын Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері Ө. Оралбайұлы жазған әндер айтылған арнайы қойылыммен ашты.

Сондай-ақ кеш төрінде  ақынның 10 томдық шығармалар жинағының бірінші томының тұсауы кесілді.